Разработка сайта AngryCode

Күзгі сыйлықтар марафоны

 «Күзгі сыйлықтар марафоны» акциясының ережелері 1. Өткізілу мерзімдері 1.1. Сатып алу кезеңі: 2025 жылғы 13 қыркүйектен бастап 25 қазанды қоса алғанға дейін. 1.2. Жүлделердің ақтық ойыны 2025 жылғы 26 қазанда MART Village СФО кіші атриумында өтеді және әлеуметтік желілерде көрсетіледі. 1.3. Ұйымдастырушы қатысушыларға MART СК ресми ақпараттық арналары арқылы хабарлап, акцияның мерзімін және/немесе шарттарын өзгертуге құқылы. 2. Акцияға қатысушылар 2.1. 18 жасқа толған жеке тұлғаларға қатысуға рұқсат етіледі. 2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, MART СК жалға алушылардың қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері қатыса алмайды. 3. Қатысу тәртібі 3.1. Қатысу үшін: — MART СК кез келген дүкенінен бір фискалдық чек бойынша 20 000₸ жоғары сомаға тауар сатып алу керек; — кассадан фискалдық чекті алу керек; — MART Village Info-бағанына (ресепшен) чекпен келу керек; — фискалдық чекті (аты-жөні, байланыс телефоны) толтырып, оны купонға айырбастау керек; —деректерді электрондық базаға енгізу үшін QR-код бойынша қысқа сауалнамадан өтіп, дербес деректерді өңдеуге келісетіні туралы белгі қою керек; — купонды белгіленген лототронға салу керек. 3.2. Бір чек = сомасына тәуелсіз бір купон. Мысалы: — 20 000₸ чек = 1 купон; — 50 000 ₸ чек = 1 купон; — 100 000 ₸ чек = 1 купон. 3.3. Чектерді қосуға жол берілмейді, тауар бір мезгілде сатып алынуы тиіс. 3.4. Қатысуға чектердің түпнұсқалары ғана қабылданады; көшірмелері немесе фотосуреттері есепке алынбайды. Чек акцияның шегінде барлық міндетті деректеме мен күнді қамтуы тиіс. 3.5. Чекті Info-бағанның қызметкері белгілеуі тиіс (артқы жағына бірегей белгі/мөр басады). 3.6. Қатысушы чектің түпнұсқасын ақтық ойынға дейін сақтауға міндетті. Чек болмаған немесе ол қайтарылған кезде купон жарамсыз деп танылады. 4. Жүлде қоры 4.1. Бас жүлде: iPhone 16 Pro 256 GB (MART СК -дан). 4.2. Қосымша сыйлықтар: MART СK жалға алушыларынан сыйлық сертификаттары, «Арман» киноорталығына билеттер. 4.3. Сыйлықтар ақшалай баламасына ауыстырылмайды. 4.4. Жүлделер саны шектеулі. 5. Жеңімпаздарды анықтау 5.1. Ұтыс ойыны 2025 жылғы 26 қазанда жария өтеді, жүргізуші лототроннан купондарды кездейсоқ таңдайды. 5.2. Қатысушының келгені жөн, бірақ міндетті емес. Жеңімпаздарға телефон арқылы хабарлайды. Бас жүлденің жеңімпазы жүргізушінің тікелей эфирдегі бірінші қоңырауына жауап беруге міндетті. 5.3. Ұтып алу фактісі фото және бейне түсірілім арқылы тіркеледі. 5.4. Сыйлықтар қайтарылмайды және айырбасталмайды. 6. Сыйлықтарды беру тәртібі 6.1. Жүлдені алу үшін жеңімпаз жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді және қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды. 6.2. Жүлдені хабарлаған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде алу керек. Белгіленген мерзім өтіп кеткеннен кейін жүлде талап етілмеген болып танылады.