1. Өткізу мерзімі
1.1. Сатып алуларды жасау кезеңі: 2025 жылғы 17 желтоқсаннан 2026 жылғы 17 қаңтарға дейін (қоса алғанда).
1.2. Жүлделердің финалдық ұтыс ойыны 2026 жылғы 18 қаңтарда MART Village СОО-ның кіші атриумында өтеді және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.
1.3. Ұйымдастырушы акцияның мерзімдерін және/немесе шарттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады, бұл туралы MART СОО-ның ресми ақпараттық арналары арқылы хабарлайды.
2. Акцияға қатысушылар
2.1. Акцияға 18 жасқа толған жеке тұлғалар қатыса алады.
2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, MART СОО арендаторы қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері қатыса алмайды.
3. Қатысу тәртібі
3.1. Акцияға қатысу үшін:
— MART СОО-ның кез келген дүкенінен бір фискалдық чек бойынша 20 000 ₸-ден кем емес сомаға сатып алу жасау;
— кассадан фискалдық чек алу;
— чекпен MART Village Info-стойкасына (ресепшенге) келу;
— фискалдық чекті купонға айырбастау, купонды толтыру (Аты-жөні, байланыс телефоны);
— деректерді электрондық базаға енгізу үшін QR-код арқылы қысқа сауалнамадан өту және дербес деректерді өңдеуге келісім белгісін қою;
— купонды орнатылған лоторонға салу.
3.2. Бір чек = бір купон, сомасына қарамастан.
Мысалдар:
— 20 000 ₸ чек = 1 купон;
— 50 000 ₸ чек = 1 купон;
— 100 000 ₸ чек = 1 купон.
3.3. Чектерді қосуға жол берілмейді, сатып алу бір реттік болуы тиіс.
3.4. Қатысуға тек чектердің түпнұсқалары қабылданады; көшірмелер немесе фотосуреттер есепке алынбайды. Чекте барлық міндетті деректемелер және акция мерзіміне сәйкес келетін күн көрсетілуі қажет.
3.5. Чек Info-стойка қызметкері тарапынан өшіру белгісімен/бірегей мөрмен белгіленеді (артқы бетіне).
3.6. Қатысушы финалдық ұтыс ойынына дейін чектің түпнұсқасын сақтауға міндетті. Чек болмаған немесе қайтарылған жағдайда купон жарамсыз деп танылады.
4. Жүлде қоры
4.1. Бас жүлделер: тоңазытқыш, кір жуғыш машина, теледидар. Акцияның бас демеушісі — Airba Technodom.
4.2. Қосымша жүлделер: MART СОО арендаторының сыйлық сертификаттары, «Арман» киноорталығына билеттер.
4.3. Жүлделер ақшалай баламасына айырбасталмайды.
4.4. Жүлделер саны шектеулі.
5. Жеңімпаздарды анықтау
5.1. Ұтыс ойыны 2026 жылғы 18 қаңтарда ашық түрде, жүргізушінің лотороннан купондарды кездейсоқ таңдау арқылы өтеді.
5.2. Қатысушының қатысуы қалаулы, бірақ міндетті емес. Жеңімпаздар телефон арқылы хабардар етіледі. Бас жүлде иегері тікелей эфирде жүргізушінің алғашқы қоңырауына жауап беруге міндетті.
5.3. Ұтыс фактісі фото және бейне түсіріліммен тіркеледі.
5.4. Жүлделер қайтарылмайды және айырбасталмайды.
6. Жүлделерді табыстау тәртібі
6.1. Жүлдені алу үшін жеңімпаз жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, қабылдап-тапсыру актісіне қол қояды.
6.2. Жүлде хабарланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде алынуы тиіс. Белгіленген мерзім өткен соң жүлде талап етілмеген деп танылады және қайта ойнатылуы мүмкін.